«Алматы экономика және статистика колледжі» мекемесі

Біздің ұстанымымыз: "Бәсекелестікке қабілетті кадрларды дайындау"

Бізге хат жолдаңыз!

Форманы толтырыңыз






Біздің мамандықтар

Кәсіпті таңдау - бұл жеткілікті түрде маңызды мәселе, оны мұқият таңдау керек.

- Біріншіден, Сіз өзіңіздің жеке мүдделеріңізді ескеруіңіз керек.

- Екіншіден, өзіңіздің қабілеттілігіңізді бағалаңыз.

- Үшіншіден, таңдаған мамандықты қажет ететін қабілетіңіз бен жеке қасиеттеріңіздің сәйкестігі.

- Төртіншіден, осы мамандықты болашақта пайдалана білу.

0516000 «Қаржы»(салалар бойынша)

Біліктілігі: 0516053-қаржы жұмысы бойынша экономист

"Қаржы "мамандығы оқушыларына әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бухгалтерлік есепті жоспарлау тәртібі, кәсіпорынның қолма-қол ақша ағынын ұйымдастыру және басқару, инвестициялық қызмет, кәсіпорындар мен ұйымдардың және қаржы ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

«Қаржы» мамандығын бітірген түлектер меншіктік барлық формасындағы кәсіпорындарда,қаржы органдары мен сақтандыру ұйымдарында,банк мекемелерінде,лизингтік,факторингтік,брокерлік,зейнетақы,инвестициялық компанияларда,ломбард,шағын-несие беру ұйымдарында,несие беру серіктестіктерінде,бағалы қағаздар нарығында,ақша,капитал нарықтарында кеңес беру қызметін атқарады,сонымен қатар аталған ұйымдарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асырады.

1234
programmer_1505290086-1140x570

1305000 «Ақпараттық жүйелер»
(қолдану саласы негізінде)

Біліктілігі: 1305023-техник-бағдарламашы

«Ақпараттық жүйелер» мамандығы компаниялар мен компьютерлік жүйелер мен жұмыс істейтін мамандар дайындайды. Оқушылар алгоритимдермен жұмыс жасауды үйренеді, бағдарламалаудың негіздерін оқып –уйренеді. Колледжді аяқтағаннан кейін бағдарламалық қамтамасыз ету саласында түлектер қызметке алады. Мұндай мамандар дайын бағдарламалардың қателікері мен кемшіліктерін түзетеді.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығы іс жүзінде барлық салада сұранысқа ие мамандық. Өнеркәсіп, банк ісі, білім, сауда, мүлік осы салалардың барлығында ортақ жүйелер базасы, оларды іске қосып жұмыс істететін, жобалайтын – техник-бағдарламашы мамандар.

0518000 «Есеп және аудит»
(салалар бойынша)

Біліктілігі: 0518023-есепші-ревизияшы (аудитор)

«Есеп және аудит» – бұл мамандықтың иелері экономиканың барлық салаларындағы қаржылық шаруашылық есепті жүргізетін білікті мамандар. «Есеп және аудит» саласында оқыту бухгалтерлік есеппен есептілік аудитін жүргізудің заманауи дағдыларын меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған.

Бұл мамандықтың артықшылықтары:

Тауарлы-нарықтық қатынастардың жоғары дамыған жүйесінің жағдайында және бизнестің әртүрлі нысандарының өркендеуінде бухгалтерлік есепті жүргізуге мамандандырылған білікті жұмысшыларға деген қажеттілік күннен күнге өсуде. Атап айтсақ, бухгалтер дегеніміз қаржы бөлімінің қызметкері ғана емес, ол сіздің бизнесіңіздің барлық механизмінің материалдық тұрақтылығын және дұрыстығын бақылайтын маңызды элементі болып табылады.

depositphotos_105676380-stock-illustration-auditing-concepts-vector-flat-style

0515000 «Менеджмент»
(салалар бойынша)

Біліктілігі: 0515013-менеджер

Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Менеджмент мамандығы кез-келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді.

  •  Жоба менеджері, жобалау бөлімінің бастығы;
  • Кризис-менеджері.
  • Тауекелдіктерді басқару бойынша менеджер және т.б.

1306000 «Радиоэлектроника және байланыс»
(түрлері бойынша)

Біліктілігі: 1306093-байланыс технигі 

«Байланыс технигінің» қызмет көрсету аясы:

Телефон, радиобайланыс және радиохабар, телевидение, фототелеграф, бейнетелефон, есептеу орталықтарынан сандық деректерді беру, жасанды спутниктер арқылы ғарыштық байланыс .

Қызметтік өсуінің ерекшеліктері: Қазіргі уақытта инженер мамандығы еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. ІТ-технологиялармен жұмыс жүргізетін көптеген компаниялар білікті мамандарға мұқтаж. Бұл маманның лауазымдық өсуі ұйымдастыру масштабы мен еңбек ақысының көтерілуіне байланысты болады. Келешекте лауазымы өсу мүмкіндігі бар. Байланыс технигі телефон коммутациясы жүйелерін пайдалану мен техникалық қызмет көрсету жұмысы үшін дайындалады: автоматты телефон станциясы, сонымен қатар олардың арасындағы байланыс желілері үшін: симметриялық, коаксиальды, байланыстың оптикалық арналары мен желілік қоршау.

45865638-service-tools-vector-icon-style-is-bicolor-flat-symbol-blue--Stock-Photo

1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

 Біліктілігі: 1201123-техник-механик

Техник-механик, бұл қазіргі заманда адамдар үшін ең керекті мамандықтардың бірі. Көлік транспорттары саласында қызмет етуге қызығатын және керекті білім алғысы келетін мамандар арасында бәсекелестік тудыратын мамандық.

Бітірушілер:

· Көлік жөндеу зауыттарында;

· Фирмалық автомобиль және жөндеу зауыттарында;

· Техникалың станцияларға қызмет көрсету және жөндеу салаларында;

· Автопарк мекемелерінде қызмет жасай алады.

 

0511000 «Туризм»
(салалар бойынша)

Біліктілігі: 0511043-менеджер
Қазіргі заманның жетекші мамандығы қатарына кіретін туризм мамандығының еліміз үшін алатын орны ерекше. Соңғы жылдары жұмыс пен демалысты бірге алып жүретін азаматтардың көптігіне байланысты туризм саласында түрлі бағдарлама жасалған. Сол себептен елімізде де бұл саланың даму деңгейі өте жоғары.

Туризм дегеніміз – адамның арнайы бір уақыт аралығында жан сергітіп демалыс қабылдауы. Демалыс кезінде демалушы түрлі елдерге саяхаттай отырып, танымдық қабілетін арттыра, мәдениет пен өнер қызығына батады. Туризм тек шетелдерде ғана жүзеге аспайды, сонымен қоса елдегі табиғаты керемет немесе демалыс орындарында болады.

Туризм мамандығы бір сөзбен айтқанда бизнеспен айналысудың бір түрі. Осы маман иелері жұмыс жасай отырып параллельді түрде демалып та үлгереді.

Оқу мерзімі

9 сынып негізінде 2 ж. 10 ай, 3 ж. 6 ай (техникалық мамандықтар 3 ж. 10 ай)
 11 сынып негізінде 1 ж. 10 ай, 2 ж. 6 ай (техникалық мамандықтар 2 ж. 10 ай)
 Сырттай бөлім 1 ж.10 ай, 2 ж. 6 ай, 2 ж. 10 ай
Төлемақының ыңғайлы түрі қарастырылған!
Колледжді бітірген түлектер оқуын Алматы экономика және  статистика Академиясында жалғастыра алады.

Қажетті құжаттар

1. Өтініш
2. Білім туралы құжат (түпнұсқа)
3. ҰБТ нәтижелері бойынша сертификат (11 сынып)
4. Медициналық анықтама №086-У, №063-У, медициналық анықтама (№026 нысан - мектеп картасы), флюорографиялық фотосурет
5. Жеке куәліктің көшірмесі, тіркеу куәлігі (№ 3 форма), 3x4 фотосурет

Қабылдау емтихандары

Қабылдау емтихандары кешенді тестілеу түрінде өткізіледі.
9 сынып үшін - 2 пән (қазақ (орыс) тілі және математика)
ҰБТ сертификаты жоқ 11 сыныпты бітірушілер үшін 3 пән бойынша тест - қазақ (орыс) тілі, математика, Қазақстан тарихы
Талапкерлер емтиханы сынақ тестілеу түрінде жүргізіледі.

AКЭС сіздің болашағыңыз! Сіздің дұрыс таңдау жасайтыныңызға сенеміз!

Басқа сілтемелер

  • Негізгі
  • Жаналықтар
  • Байланыс